«Атырау» дебюттік ойынында жеңіске жете алмады
«Атырау» дебюттік ойынында жеңіске жете алмады
197
оқылды

Кездесу Словениядағы Подчетртеке қаласында өтті. Алғашқы таймда гол соғылмады. Екінші таймда Душчак пен Чуецтің соққан голдарына «мұнайшылар» сапындағы Эрик Данило жалғыз голмен жауап қатты.

Бұл топта қазақстандық, словениялық командалардан бөлек, португалиялық «Спортинг» пен франциялық «Аньер» клубтары да бақ сынауда. «Атырау» келесі ойынын 28 қазанда «Спортингке» қарсы өткізеді. Ал 30 қазанда «Аньер»  командасымен кездеседі. Топтан элиталық кезеңге үш команда шығады.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық футзал командасы «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойында чехиялық «Пльзеньмен» (3:3) тең түскен болатын.