Батыс Қазақстан облысында 27 қазан күні таңертең Mercedes көлігінің жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті.
Автокөлікті айып тұрағына қойды. Оқушы мектепке жалғыз бара жатқан, жолдан өтпек болғанда көлік қағып кеткен.«Сағат 08:30 шамасында Зачаганск кентіндегі 33 жастағы Mercedes жүргізушісі мектептің жанында 10 жастағы қызды қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол үйіне қайтты» делінген ресми мәліметте.
Бұған дейін Алматы облысында мектептен қайтып бара жатқан оқушыларды ішімдік ішкен жүргізуші қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.