Алматы облысының Полиция департаменті Пенжімде жанжалдың мән-жайын айтты.
Полиция 27 қазан күні сағат 20:00-де 102 пультіне Пенжім кентінде мектеп оқушылары арасындағы төбелеске қатысқан тұрғынның үйінің жанына 30-ға жуық адам жиналғанын растады.«Сондай-ақ сағат 22:45-те Панфилов АПБ кезекші бөліміне Пенжім кентіндегі жаңа салынған үйлер орналасқан жердегі үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт орнына аудандық полиция бөлімі мен ТЖБ кезекші нарядтары келді» делінген ресми мәліметте.Жиналған адамдар жеке үйлердің әйнегін, сондай-ақ бірнеше автокөлікті сындырған. Факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта Пенжімдегі жағдай бақылауда. Полиция жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын ескертті.Үй иесінің айтуынша, өрт пештен шыққан. Сағат 23:30 шамасында өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің болған оқиғаға еш қатысы жоқ.
Бұған дейін Пенжімдегі төбелесте жарақат алып, ауруханаға жеткізілген баланың денсаулығы туралы жазған болатынбыз.