Бұл мәселеге қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі астана әуежайы мен SCAT әуе компаниясының авиаотын жетіспеушілігіне қатысты мәлімдемелеріне пікір білдірді.
Бүгінде әуежайларда 27,9 мың тонна отын бар. Оған қоса, 9,2 мың тонна зауыттардан жөнелтілді және 15,6 мың тоннаға келісімшарт жасалды. Жалпы көлемі – 53 мың тонна. Қазан айының соңына дейін мұнай өңдеу зауыттары 2 мың тонна авиаотын шығарады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан әуежайы үшін қосымша отын бөлінеді. SCAT әуе компаниясына Шымкент мұнай өңдеу зауытынан қосымша авиакеросин жеткізу жоспарланып отыр.«Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуден өтіп жатыр. Сондықтан ИИДМ Энергетика министрлігімен бірлесіп, зауыт, жеке компания, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-дан Павлодар зауыты жұмысын қайта бастағанша әуе компаниялары мен әуежайларға отын жеткізу кестесін әзірледі» делінген ресми жауапта.
«Астана әуежайында 3,1 мың тонна авиакеросин бар. Жақын күндері 3,9 мың тонна жеткізу жоспарланып отыр. Алматы әуежайындағы отын қалдығы – 5,4 мың тонна. 4 мың тонна жөнелтіліп, жолда бара жатыр. 5,8 мың тоннаға келісімшарт жасалды. Air Astana әуе компаниясында – 7,4 мың тонна, SCAT әуе компаниясында 1,7 мың тонна отын қалған. 1,5 мың тоннаға келісімшарт жасалды. Тұрақты әуе рейстері үздіксіз орындала береді», – деді министрлік өкілі.
Бұған дейін әуежайлардағы жанармай тапшылығы туралы жазған болатынбыз.