Сбербанк БҚО кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуде
Сбербанк БҚО кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуде
292
оқылды
«Сбербанк» АҚ ЕБ локдаун кезінде инвестициялық жобаларды қаржыландырып қана қоймай, экономиканың нақты секторына белсенді несие бере бастаған екінші деңгейлі банктердің бірі. 2016 жылы «Сбербанк» АҚ ЕБ 4 млрд теңгеге БҚО-дағы тәулігіне 20 тонна бройлер етін өндіретін «Жайық-Ет» құс фабрикасы кешенінің құрылысын қаржыландырды. Сондай-ақ жыл сайын Банк кешенді жаңғыртуға, жабықтар мен техникалар сатып алуға қаржы бөледі.
«Жұмыртқалар Башқұртстаннан әкелініп, 22 күн инкубаторда тұрады. 18 корпустың әрбірінде 25 мың тәуліктік балапан бар. Ал алты корпус санация мақсатында бос тұрады. Жылына 4,5 млн бройлер өндіреміз. Азықпен қамтамасыз ету үшін өзіміздің цехта күніне 70 тонна жем дайындаймыз. Мақсатымыз — БҚО-ны 100% құс етімен қамтамасыз ету. Әзірге жергілікті нарықтың 25%-ын аламыз, айына 300 тонна өнім сатамыз. Өнімдердің 40-50%-ы салқындатылаған түрде шығарылады», - деді «Жайық-Ет» ЖШС директоры Темірғали Ескендіров.
«Кама Қазақстан» Сауда Үйі» ЖШС ҚДБ банкаралық кредиттеу бағдарламасы аясында «Сбербанк» АҚ ЕБ қаржыландырған автошиналарды кәдеге жарату бойынша бірегей жобаны жүзеге асырады. Қаржыландыру сомасы 700 млн теңгеден астам соманы құрайды. Зауыт 2019 жылы іске қосылып, 52 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жоба қауіпті қалдықтарды өңдеу және табиғи ресурстарды сақтау секілді экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Жылына 18 мың тонна шинаның 30%-ы кәдеге жаратылып, 50 мың текше резеңке плитка шығарылады. «Квант» ЖШС жұмсақ және корпустық жиһаз жасаумен және тұрмыстық техника, электрониканы көтерме-бөлшек сатумен айналысады. 2015 жылы жалпы аумағы 10 000 шаршы метрді құрайтын корпустық жиһаз өндіретін фабрика бой көтерген. «Сбербанк» АҚ ЕБ қолдауымен екінші цех салынды. Банк цехты жабдықтармен қоса, автокөлікпен қамтамасыз еткен. Қаржыландыру сомасы  1,5 млрд теңгеден астам соманы құрайды.
«Сбербанк» АҚ ЕБ арқасында қуаттылықты арттыруға мүмкіндік беретін ірі жабдықтарды Еуропадан сатып алдық. Қазақстанда дәл мұндай көлемдегі заманауи жабдықтар бізде ғана бар. Процесстердің көп бөлігі автоматтандырылған. Компанияда мыңнан астам адам жұмыс істейді. Орал мен Ақсайда бөлшек сауда дүкеніміз бар. Барлық өңірде дилерлер жұмыс істейді. Жиһаздарды Армения мен Қырғызстанға экспорттаймыз. Жаңа технологиялар қолданылатын қойма салып жатырмыз», - деді «Квант» ЖШС директоры Дмитрий Михаилович.
«Сбербанк» АҚ ЕБ Орал қалалық филиалы 3 мыңға жуық заңды  және 70 мыңнан астам жеке тұлғаға қызмет көрсетеді. Банк кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу бойынша өңірдегі көшбасшылардың бірі. Ірі компаниялар ҚДБ банкаралық кредиттеу бағдарламасы бойынша қаржыландырылса, ДАМУ БП КДҚ бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды.
«Биыл филиал 60-қа жуық жобаны қаржыландырды. Сбербанк StartUp бағдарламасы бойынша несиелеуде тәжірибесі жоқ шағын және микробизнес өкілдерімен жұмыс істейміз. Бүгінде 100-ге жуық клиент 1,774 млрд. теңге сомасында қаржыландырылды. «Скоринг» бағдарламасымен 2020 жылдың желтоқсанынан бастап 1,5 млрд теңгеге 300-ден көп қарыз берілді», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Орал қаласындағы филиалының директоры Светлана Шашкова.