Әкімнің айтуынша, 62 жастағы ер адам зардап шеккен.
Жастар ауылда жүгіріп, тас лақтырған кезде, 1968 жылғы ер адамның басына тиіп, жарақат алған. Оған бардық, ауруханада жатыр, жағдайы қалыпты, дәрігерлер көмектесті, – деді Талғат Өмірәлиев.Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушылар пышақ жарақатымен №2 қалалық балалар ауруханасына 27 қазан күні түсті.
Кеше пышақ жарақатымен кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім №2 қалалық балалар ауруханасына түсті. Жақын туыстарының айтуынша, балалар қатарластарымен болған төбелес кезінде жарақат алды. Біріншісінің жағдайы ауыр, тұрақсыз, іштің алдыңғы бүйір қабырғасы мен сол жақ бүйрегі зардап шеккен, екінші науқастың іш құрылысына зақым келген, жағдайы бірқалыпты, бөлімшеге ауыстырылды, – деп хабарлады басқармадан.Бұған дейін Пенджімдегі жаппай төбелеске қатысты ҚХА пікір білдіргенін жазған болатынбыз.