Шымкентте 18 жалған фирма құрған 13 адамға сот үкімі шықты
Шымкентте 18 жалған фирма құрған 13 адамға сот үкімі шықты
© gov.kz
148
оқылды
Қылмыстық қолма-қол ақшаға ие болу мақсатында жалған фирмалар көптеген заңсыз схемаларды қолданады, - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі Сол арқылы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмек көрсетеді. Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы күрес жүргізуде. Мәселен, агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті 13 адамнан – А.Құрбанов, И.Рузахунов, Н.Мамырбеков, Д. Смородин, М. Зиемухамедов, А. Маслов, Б.Маматкалыков, П. Джурабаев, И. Кондратьев, А. Ключников, Р.Хинизов, Б. Аблайханов, А. Щебельниковтен құралған тұлғалар тобы қызметінің жолын кесті. Тергеу барысында 2019-2020 жылдар аралығында қылмыстық топ қолма-қол ақшаға аударатын 18 фирма атынан жалған шот-фактураларды шығарумен айналысқаны анықталды. Осы жылдар ішінде бұл фирмалардың заңсыз айналымы 8,3 миллиард теңгені құрады, оның ішінде компаниялардың банктік шоттарынан 3,6 миллиард теңге қолма-қол ақшаға айналдырылды. Айта кету керек, 18 компанияның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік-техникалық базасы, қызметкерлер штаты және қойма үй-жайлары болмаған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 1,9 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Топ мүшелері әртүрлі мерзімге 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. https://www.youtube.com/watch?v=SSJB4IYXA8A