Тұрғындардың өтінішін орындап, ойын алаңы мен көпір салып берді
Тұрғындардың өтінішін орындап, ойын алаңы мен көпір салып берді
157
оқылды
Аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауына  Шұбарқұдық ауылы Задепо аймағының тұрғындары балаларға ойнайтын шағын алаң салу және Досжан Ишан мешітіне баратын жолға көпір салу туралы мәселе көтерген болатын. Осыдан кейін аудан әкімі, партия төрағасы С.Аманбаев Жол картасы бойынша заманауи футбол алаңын салып беруге уәде берді. Аудан әкімі, партия филиалының төрағасы Саламат Аманбаев аталған мәселе жөнінде ауыл тұрғынының өтінішін қабыл алып, шешімін табатынын жеткізген болатын. Тұрғындардың жеке өтінішін орындау Жол картасы аясында Шұбарқұдық кенті Задепо аймағына жергілікті бюжеттен 1 млн 384 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, заманауи футбол ойын алаңы ашылды. Құрылысын жүргізген – ЖК «Казкенов», ал мешітке барар жолға «КАРАТ» ЖШС демеушілігі арқылы көпір салып берді.  Ауыл тұрғындары партия филиалының төрағасына алғыс білдірді.