Жол мәселесі оңынан шешілді
Жол мәселесі оңынан шешілді
143
оқылды
Еңбекші аудандық партия филиалына Еңбекші ауданы К.Циткин көшесі тұрғындарының атынан Гүлжайнар Берікқызы жол жөндеуге қатысты өтініш білдірді. Өтініш берушінің мәселесімен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалы толығымен танысып шықты. Мәселені қарай келе, Еңбекші аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Досбол Күздікбайұлының ықпалымен «Көркем Сәулет» ЖШС К.Цеткин көшесіне жалпы ұзындығы 2,3 шақырым болатын жолға мемлекеттік бюджеттен 124 604 000 тг. қаражат бөлініп, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін болды. 2021 жылдың қазан айында аталған көшенің асфальт қабатында пайда болған толқулар ретке келтіріліп, жолдың беткі қабатына асфальт төселді. Осылайша, тұрғындардың өтініші орындалып, мәселе оңынан шешілді.