Қар жауып, күн суытады: 7 өңірде ескерту жарияланды

Қар жауып, күн суытады: 7 өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 29 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 29 қазан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертеңгі уақыттарда тұман болады. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде тұман болады. 29 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 29 қазанда күндізгі уақытта, тәулік бойы 30 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. 29 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз 29 қазанда Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде және күндіз 29 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. 29-31 қазанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.