Головкин «суперчемпионмен» жекпе-жек өткізуге келісті
Головкин «суперчемпионмен» жекпе-жек өткізуге келісті
132
оқылды
Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) DAZN стримингтік сервисімен осы салмақта WBA ұйымының "суперчемпионы", жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізу үшін келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz. ESPN ақпараты бойынша, бұл кездесу 29 желтоқсан күні Жапониядағы 37 мың жанкүйерге арналған Saitama Super Arena спорт кешенінде өтеді. Алдағы айқас Головкин үшін DAZN сервисімен жасаған жаңа келісімшарты бойынша бірінші жекпе-жегі болады. Еске салайық, 2019 жылы отандасымыз аталған компаниямен алты айқасқа 100 миллион долларлық келісімшарт жасаған еді. Айта кетейік, 35 жастағы Мурата соңғы мәрте шаршы алаңға 2019 жылдың желтоқсан айында шығып, Стивен Батлерге (28-3-1, 24 KO) қарсы кездесуде белбеуін сәтті қорғап қалды. Ал, Головкин болса, өткен жылдың желтоқсан айында польшалық Камиль Шереметаға (21-1, 5 КО)  қарсы шығып, жеңіске жеткен болатын.