Алаяқ әйел сыбайласымен бірге сотталды
Алаяқ әйел сыбайласымен бірге сотталды
142
оқылды
Алаяқтық әрекет жасап, өзгелерді сан соқтырған Қызылорда қаласының 45 және 54 жастағы екі тұрғыны сотталды. Күдікті  азаматшалар 2017 жылдың тамыз айынан бастап төмен пайызбен қомақты несие алып береміз деген желеумен бірнеше азаматтан ірі мөлшерде ақша алып, іс суытқан. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 4 млн 850 мың теңгені құраған.
- Тергеу барысында күдікті азаматшалардың жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, олардың іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжаһан Қайырбергенова.
Сотталуышының бірін Қызылорда қалалық соты 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырса, оның сыбайласына 3 жылын темір тордың арғы жағында өткізуге жаза кескен. Сонымен қатар, сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЫЛЫ,

Қызылорда облысы