Серік Теміржанов келесі кезеңге өтті
Серік Теміржанов келесі кезеңге өтті
135
оқылды
Сербия астанасы Белградта бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Серік Теміржанов әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық былғары қолғап шебері жастар арасындағы әлем чемпионы Рейто Цуцумиді айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, санаулы сағаттардан соң Абылайхан Жүсіпов «Машина» лақап атымен танылған венесуэлалық Кристиан Паласиомен шаршы алаңға шығады.