Прокурор тұрғындардың шағымын тыңдады
Прокурор тұрғындардың шағымын тыңдады
222
оқылды

«Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалында облыс прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі Рашид Әміров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға талдықорғандық бір топ тұрғын қатысты. Олар «Сур­мак» ЖШС-не үй алуға кө­лем­ді ақша салғандарын, алайда бүгінгі күнге дейін не баспаналы бол­мағандарын, не үлестік құры­лыс­қа салған ақшаларын қайтара алмай жүргендерін айтып көмек сұрады. Рашид Әмірұлы тұрғын­дар­дың шағымын Талдықорған қа­ла­сының бас прокуроры Бақыт­жан Әшеевке жолдап, осы мәсе­ле бойынша мән-жайды анық­тау­ды, сондай-ақ арыздану­шы­лар­дың сот көмегіне жүгінуіне қа­жетті құжаттарын реттеп беру­ді тапсырды. Бұл мәселе қазір облыстық про­куратураның бақылауына алын­ды.  

Би-Барыс КӨКШЕ