«Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалында облыс прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі Рашид Әміров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға талдықорғандық бір топ тұрғын қатысты. Олар «Сурмак» ЖШС-не үй алуға көлемді ақша салғандарын, алайда бүгінгі күнге дейін не баспаналы болмағандарын, не үлестік құрылысқа салған ақшаларын қайтара алмай жүргендерін айтып көмек сұрады. Рашид Әмірұлы тұрғындардың шағымын Талдықорған қаласының бас прокуроры Бақытжан Әшеевке жолдап, осы мәселе бойынша мән-жайды анықтауды, сондай-ақ арызданушылардың сот көмегіне жүгінуіне қажетті құжаттарын реттеп беруді тапсырды. Бұл мәселе қазір облыстық прокуратураның бақылауына алынды.Би-Барыс КӨКШЕ