Омбудсмен 5 жылға сайланады

Омбудсмен 5 жылға сайланады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста палата депутаттары бірқатар жаңа заң жобасын құптады. Атап айтқанда, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды. Н.Нығматулин заң жобасы Президент бастамашы болған саяси реформалардың үшінші топтамасы аясында әзірленгенін атап өтті.

– Бұл – ел үшін маңызды құжаттардың бірі. Енгізілген өз­герістердің нәтижесінде омбудс­меннің қызметін, өкілдігін, жал­пы адам құқықтары жөнін­дегі уә­кіл институтын нығайту­ға нақ­ты қадам жасалады. Бұл мем­лекет және азаматтық қоғам ара­сындағы байланысты одан ары тереңдетуге жаңа жол аша­тыны сөзсіз, – деді Мәжіліс Төрағасы. Оның байламынша, енді заң жүзінде омбудсменнің құқықтық мәртебесі нақты айқындалады, сондай-ақ адам құқықтарының бұзылуын қалпына келтіру бойынша оның өкілеттіктері айтарлықтай кеңейді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 5 жылға сайланатын бола­ды. Өз қызметі барысында ом­будсмен саяси қызметпен айна­лыса алмайды, мемлекеттік қыз­метке тұра алмайды. Оқы­ту­шылық, ғылыми немесе шығар­машылық қызметтен басқа ақы­лы қызметпен айналысуына ты­йым салынған. Омбудсменнің тәуелсіздігін, әділдігін қамтамасыз ету үшін оның сот арқылы қылмыстық не­месе әкімшілік жауап­кер­ші­лікке тартылмайтынына кепілдік бе­ріледі, оның қызметіне ара­ла­суға, заңмен қарастырылма­ған қандай да бір функцияларды қо­­сымша жүктеуге жол берілмейді. Сонымен қатар Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық және Салық кодекстеріне түзе­тулер енгізетін ілеспе заң жоба­ла­рын да бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ жалпы отырыста «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» және оған ілеспе заң жобалары І оқылымда ма­құл­данды. Құжаттар Қылмыс­тық ко­­декске, «Жергілікті мемле­кет­тік бас­қару және өзін-өзі басқару ту­ралы», «Ветеринария туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсі­мін молайту және пайдалану ту­ралы» заңдарына толық­ты­ру­лар мен өзгерістер енгізеді. Тү­зе­тулер жануарларға қатыгез­дік­пен қа­ра­ғаны үшін қылмыстық жазаны күшейтеді.

Айхан ШӘРІП