Жанар-жағармай бағасы шарықтаған, кейде тіпті тапшылығы туындаған заманда соған қол жеткізуге мүмкіндік беретін талондар нағыз құндылыққа айналғанға ұқсайды. Теміртауда ер адам жоспар құрып, кәсіпорыннан мүлікті емес, 290 мың теңгенің жанармай талондарын ұрлап кеткен.
Polisia порталының хабарлауынша, Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының Полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне осыған қатысты шұғыл хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреу кәсіпорындардың бірінің гаражына кіріп, жанармай талондарын қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 290 мың теңгені құрады. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 25 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Айғақты заттарды алу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.Айхан ШӘРІП