29 қазанға арналған ауа райы болжамы
29 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: karasayinfo.kz
129
оқылды

Шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласады. Орталықта ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің оңтүстік-шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік, солтүстік-батыс, орталығында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшеюі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 25 м/с болады. Күндіз Қазақстанның солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Ақмола облысының шығысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с болады, күндіз облыстың солтүстігінде – көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, таңертең және күндіз – тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының таулы аудандарында да тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында тұман болады.

Қарағанды облысының орталығында және шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік аумағында тұман күтіледі.