Эпидемиологиялық ахуал нашарлап, Шығыс Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті

Эпидемиологиялық ахуал нашарлап, Шығыс Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Шығыс Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті.

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Бір тәулікте COVID-19-дан 28 адам қайтыс болды.