Павлодардағы өрт: ауруханадан 100-ден астам баланы эвакуациялады
Павлодардағы өрт: ауруханадан 100-ден астам баланы эвакуациялады
Фото: mperspektiva.ru
116
оқылды

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өрт бүгін сағат 03:36-да Павлодар облыстық балалар ауруханасында басталды.

«Оқиға туралы өрт сөндірушілерге шұғыл хабарланды. Оқиға орнына келген соң Нұркин көшесі, 75 мекенжайындағы инфекциялық стационардың «А» корпусындағы 1-бөлімшенің бірінші қабатындағы санитарлық өткізу пунктінде түтін ошағы анықталды, дәлізден түтін шықты», – деді басқарма өкілі.

Емделушілер аурухананың «А» корпусынан 150 метр жерде орналасқан «Б» корпусына көшірілді. Жалпы, 112 бала және 76 жұмысшы эвакуацияланды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрт шықпай тұрып, шамамен бір жарым сағат бұрын ауруханада электр жарығы өшіп қалған. Өртке желідегі кернеудің төмендеуі себеп болуы мүмкін.