«Несиеге алған телефондарды сатып жіберген» – өзгенің атынан кредит алған алаяқ ұсталды
«Несиеге алған телефондарды сатып жіберген» – өзгенің атынан кредит алған алаяқ ұсталды
Фото: orinfo.ru
157
оқылды

19 жастағы ер адам өзгенің атынан қымбат гаджеттерді несиеге алған.

Алаяқ интернеттен адамдардың мәліметтерін тауып алып, бірнеше ай бойы олардың атынан тауарлық несие рәсімдеген. Несие мақұлданғаннан кейін ол қымбат телефондарды алып, сатып жіберген.   [caption id="attachment_168244" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: polisia.kz[/caption]

«Полицияға бес адам арызданған. Күдікті олардың атынан iРhone маркалы ұялы телефондарды рәсімдеген. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу басталды. Шығын көлемі шамамен 1,5 миллион теңге», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алаяқтан зардап шеккендер Алмалы ауданының Полиция басқармасына мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727.