Тек қана спортзал, моншаның киім ауыстыратын бөлмесінде ұрлық жасаған ұры ұсталды
Тек қана спортзал, моншаның киім ауыстыратын бөлмесінде ұрлық жасаған ұры ұсталды
Фото: news.myseldon.com
142
оқылды

Алматыда 21 жастағы ер адам тек спортзалдар мен моншаның киім ауыстыратын бөлмесінде ұрлық жасауға машықтанған.

Ұры мекемелердің киім ауыстыратын бөлмелеріне кіріп, сөрелердің құлпын бұзып, сол жерден бағалы заттарды ұрлап кеткен.   [caption id="attachment_168262" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: polisia.kz[/caption] «Күдіктіні жеке тінту барысында одан заттай айғақтар табылды, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу бөлімі ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатысы барын дәлелдеп отыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Бұған дейін тек қана Lexus маркалы көліктердің айнасын ұрлаған ұры туралы жазған болатынбыз.