Риддерде жоғалған ер адамның денесі өзен жағасынан табылды
Риддерде жоғалған ер адамның денесі өзен жағасынан табылды
© azh.kz
Риддер қаласында осыдан 10 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 35 жастағы Артем Ефремов 19 қазан күні із-түзсіз жоғалып кеткен. Үйден досымен кездесуге кеткен ер адам сол күйі қайтып оралмады. Полиция қызметкерлері мен еріктілер жедел-іздестіру шараларын жүргізгенімен одан еш нәтиже шықпаған. Арада 10 күн өткеннен кейін риддерліктің мәйіті Филипповка өзенінің жағасынан табылған.
«Сол маңда электр желісін жабдықтау жұмыстарын атқарып жүрген жұмысшылар ер адамның денесін тапты. Алдын ала болжам бойынша, Артем Ефремов өзеннен өтпек болған кезде суықтан көз жұмды. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Өлімнің нақты себебі медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», – делінген ақпаратта.