Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Махмұд Сабырхан келесі айналымға өтті, – деп хабарлайды Olympic.kz. 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея өкілі Инго Киммен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Махмұдқа берді. Осылайша, Махмұд Сабырхан өзі қатысып отырған алғашқы әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады.