Ақтауда полицейлер әйел адамды өлімнен арашалап қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға 29 қазанда болған. Портал мәліметінше, "102" кезекші пультіне "әйел тоғызыншы қабаттан секіргелі тұр" деген қоңырау түскен. Тәртіп сақшылары бірден аталған мекенжайға барған. Патрульдік полицейлер дереу шешім қабылдап, 20-30 минуттай әңгіме жүргізіп, әйелді райынан қайтаруға тырысқан. Әйел қолын енді жібере берген сәтте полиция капитаны Болат Ибрагим бірден оны ұстап, көтеріп алған. https://www.youtube.com/watch?v=uuEF0Si0BkY&feature=emb_title 46 жастағы азаматша отбасылық жағдайларына байланысты мұндай әрекетке барған.