«Көңілім қалды»: қазақ боксшыдан жеңілген әлем чемпионы қазір қандай күйде екенін айтты

«Көңілім қалды»: қазақ боксшыдан жеңілген әлем чемпионы қазір қандай күйде екенін айтты

Биыл Кельц қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының "алтынын" жеңіп алып, турнирдің үздік боксшысы атанған жапондық Реито Цуцуми 2021 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Серік Теміржановтан жеңіліп қалды. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен бірауыздан Темірхановтың жеңісімен аяқталды, екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді, – деп жазады Sports.kz.

"AIBA бокстан әлем чемпионатының алдында менде салмақ бойынша мәселе болды және жылдамдықты жоғалттым. Бұл жекпе-жекте мен өзімді сергек сезіндім, бірақ нәтижеден көңілім қалды", – деді Цуцуми.
Айта кетейік, бұл - Серік Теміржановтың 2021 жылғы әлем чемпионатындағы екінші жеңісі, ол жарыстың 1/8 финалына шықты.