Жамбыл облысында дизель отыны құйылған екі цистерна өртенді

Жамбыл облысында дизель отыны құйылған екі цистерна өртенді

"Амангелді газ өңдеу зауыты" ЖШС Тараз филиалы аумағында дизель отыны құйылған екі резервуар өртенді.

"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында "Амангелді ГАЗ" ЖШС-нің Тараздағы бөлімшесі (газ өңдеу зауыты) аумағында өрт шықты. Жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі цистерна жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел қызметіне шақырту сағат 12.24-те келіп түсті", - делінген хабарламада.
Өрт сағат 13.05-те оқшауланып, 13.17-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы мәлімет жоқ. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 75 қызметкері жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын-ала себеп - мұнай өнімдерін айдау кезіндегі технологиялық процестің бұзылуы.