Жоспар асыра орындалды
Жоспар асыра орындалды
221
оқылды

Мәдениет және спорт министрлігі өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының 141-тармағын уақытылы орындады. Осының арқасында елімізде балалар-жасөспірімдер клубтарының саны артқан.

«Бүгінде «Nur Otan» пар­тия­сының Жол картасындағы «Балалар-жеткіншектердің клуб­тарын және Балалар-жа­сөспірімдердің денешынықтыру клубтарының санын барлық тірек ауылдарды қамти отыра, 1000-ға дейін ұлғайту» атты 141-тар­мағын іске асыру кезең-ке­зеңімен жүзеге асырылып, қа­зан айының аяғына қарай то­лық аяқталды», – деп хабар­лады Мәдениет және спорт ми­нистрлігі. Бұл міндет спортпен шұғыл­данатын балалардың санын арттыруды көздейді. Нәтиже­сін­де, қазір республикада 632 ба­лалар мен жас жеткіншектер клу­бы жұмыс істейді. Бұл көр­сет­кіш бүкіл республика бойын­ша былтырмен салыстырғанда 53 клуб­қа артты. Жоспарлы көр­­сеткіш 5%-ға асыра орын­дал­- ды. Ал балалар мен жасөс­пірім­дер­дің денешынықтыру клуб­тары­на келсек, биыл оның 128-і ашылды. Бұл 2020 жылға қара­ған­да 21 клубқа артық, жоспарлы көр­сеткіш 7,6%-ға артығымен орын­далды. Балалар-жеткіншектер клу­бының ең көп саны Қарағанды облысында – 105 клуб. Ал бала­лар-жасөспірімдердің дене­шы­нықтыру клубының ең көп саны  Қостанай облысында (53 клуб) еке­нін айта кеткен жөн.

Айхан ШӘРІП