Кәсіпорын мүлкін ұрлаған басшы ұсталды
Кәсіпорын мүлкін ұрлаған басшы ұсталды
112
оқылды

Түркістан облысының полицейлері зауытқа онда­ған миллион теңгеге шығын келтірген экс-директорды ұстады. Тергеушілердің ай­туынша, ол зауытқа тиесілі 6 бірдей техниканы сатып, ақшасын қалтасына басып, тайып тұрған. Кентау қа­лалық Полиция басқар­ма­сына жергілікті зауыт­тар­дың бірінен шағым түсті.

Онда аталған мекеменің бұ­рынғы директоры зауытқа тие­сілі техникаларды сатып, қашып кеткені жазылған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 80 миллион теңгеге жуық. Бұл дерек Қылмыстық ко­декстің 189-бабы (Сенiп тапсы­рылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық құқықбұзушылығы бойынша тіркелді. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден же­дел тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағыт­талған жұмыс жүргізді. Нәти­жесінде күдікті азамат Алматы қаласында бой тасалап жүрген жерінен ұсталды. Полиция қызметкерлері кү­діктіні бірден полиция бөліміне жеткізді. Қазір күдікті азамат қа­­мауға алынып, тергеу амал­дары жүргізіліп жатыр. Белгілі болған­дай, күдікті  техни­каны са­тудан тапқан ақшаны өз қажет­тілігіне жұмсаған. Ал­ма­тыда жа­сырын қалудан үмітте­ніпті. Алай­да полиция қызмет­керлерінің қы­рағылығы арқа­сында күдікті аз уақыттың ішінде ұсталды.

Айхан ШӘРІП