Атырау – өрелі істер алаңы
Атырау –  өрелі істер алаңы
345
оқылды

Қазақстан отыз жылдың ішінде ордалы елге айналды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсізді­гімізді тұғырлы етті. Мемлекеттілігімізді мығым қалыптас­тырып, Мәңгілік ел болуға бағыт алдық. Елбасының көреген көшбасшылығымен жеткен дамудың даңғылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сабақтастық саяса­тымен кемел келешекке ұласып жатыр.

Іргелі реформалардың арқа­сында қарыштап дамыған Қазақстан қысқа уақытта толағай табыстарға жетіп, қуатты елге айналды. Мем­леке­тім­із­дің басты саяси күші «Nur Otan» болса, Елбасы негізін қалаған ұзақ­мерзімді даму стратегиясының темірқазығы, берік бағдары. Пар­тияның Атырау облысындағы фи­лиалы «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдар­ламасын орындау шеңберінде өңір­дің мүмкіндіктерін халықтың игі­лігіне айналдыру жолында іргелі іс­тер атқарды. Басты партияның сай­лауалды уәделер мен маңызды стра­тегиялық бағдарламалардың орын­далуын мұқият жүзеге асырып жатыр. «Nur Otan» заман талаптарына сай тұрғындардың қажеттілігін зерделеп, соған сай олардың жағ­дайын жақсартып, өмір сапасын арттыруға күш салып келеді.

ЖЕТІСТІКТЕРІ МОЛ АЙМАҚ

Тәуелсіздіктің ордалы отыз жы­лында Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың көшбасшылығымен барлық салада орасан зор табыстарға қол жеткіздік. Атырау облысының халқы 1991 жылы 433 мың адам болса, 2020 жылы 657 мың адамға дейін өсті. Жан басымыз ғана емес, эконо­ми­ка­мыз да қарыштап өсіп, халықтың әл-ауқаты артты. Мәселен, 1993 жы­лы жалпы өңірлік өнім 0,6 мил­лиард теңге са, болса, 2020 жылы 7,7 трлн теңгеге жетті. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 1998 жылы 226,6 мың теңге болса, 2020 жылы 11 883,2 мың теңгеге жетті. Облысымыз бұл көрсеткіш бойынша республикада 1-орында. Өңірдің ғана емес, еліміздің негізгі экономикалық басты байлығы – мұнай 1991 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда12 есе, ілеспе мұнай газы 35,4 есе артқан. Қазір Атырау облысы инвестиция тарту бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 3 179,0 млрд теңгеге жетіп, 1993 жылмен салыс­тыр­ғанда 12,2 мың есеге өсті. Сон­дай-ақ құрылыс жұмыстарының көлемі 1993 жылы 62 миллион тең­гені құраса, 2020 жылы 872,6 мил­лиард теңгеге жетті. Өзге де сала­лар­дың барлығында қарқынды даму бар. Бұл жетістіктер – қазіргі ма­мыражай өміріміздің негізі ғана емес, болашақ дамуымыздың да ке­пілі. Өңірімізде рет-ретімен іске асы­рылып жатқан «Nur Otan» пар­тиясының «Өзгерістер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы өркендеу қарқы­ны­мызға серпін береді.

ПАРТИЯ ПӘРМЕНІНДЕГІ ІРГЕЛІ ІСТЕР

2021 жылдың 1 жартыжыл­ды­ғын­да облыстың жалпы өңірлік өні­­мі 4 595,7 млрд теңге болды. Рес­пуб­ли­каның жалпы ішкі өнімі кө­леміндегі облыстың үлес салмағы – 14,2%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 6 961,3 мың теңге. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 772,5 млрд теңгені құрап, соның ішінде, тау-кен өнеркәсiбiнде 5 211,7 млрд теңге сомасына өнім өндiрiлді. Республикалық бюджетке 764,1 млрд. теңге, жергілікті бюджетке 307,2 млрд теңге жиналды. 2021 жылғы қаңтар-маусымда мұнай-газ химия өндірісінің көлемі – 1,7 млрд теңге. 34,1 млн тонна мұнай және 17,8 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Өңдеу өнеркәсiбiндегі өнiмнің көлемi – 468,8 млрд теңге. Негізгі капиталға 2 114,4 млрд теңге инвестиция салынды. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 708,3 млрд теңгені құрады. Бұның барлығы әр атыраулық­тың, өңірдің ғана емес еліміздегі азаматтардың партиямыздың сайлау алды бағдарламасына сай, әл-ауқатының артып, мемлекетіміздің одан ары қарқынды дамуына өз септігін тигізеді. Атырау «Nur Otan» партиясының басты мақсаттарының бірі — жұмыссыздық мәселесін жүйелі шешу. Атырау облысы 9 айдың қорытындысы бо­йынша, жұмыс орындарын ашудан елімізде көш бастады. Мәселен, биыл 18 907 жаңа жұмыс орны ашы­лып, жұмыспен қамту орталығы ар­қылы 20 864 адам жұмысқа орна­лас­тырылды. «Еңбек» бағдарламасы шең­бе­рінде 29,5 мың адамды қамту жос­пар­ланып, бүгінде 24 348 адам қам­тылды. Оның ішінде 13 733 адам тұ­рақты жұмыс орындарына орна­лас­тырылды. Сонымен қатар қазір жұмыс берушілердің сұранысын ескеріп, жұмыссыздарды еңбек нары­ғында сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқытуға көңіл бөліп отырмыз. «Бастау бизнес» жобасы шеңбе­рінде 5 жыл ішінде 150 мың, оның ішінде биыл мың адамды оқыту жос­парланған. Жыл басынан бері 1102 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында 266 жас кә­сіпкерге мемлекеттік грант­тарды беру қарастырылды. 2021 жыл­ға 530 адамға қайтарымсыз грант­тар берілді, оның 196-сы жастар. 2021 жылғы 1 қазандағы көр­сеткіш бойынша, 1 520 отбасындағы 8 148 адамға 415,6 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сай­лауалды бағдарламасы жол карта­сының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде медициналық-әлеуметтік меке­мелерде қарт адамдардың тұру жағ­дайларына мониторинг жүргізіледі. Облыс бойынша 3 243 қарт пен ең­бекке жарамсыз адамға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 9 мамыр қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүге­дектерге, концлагер тұтқыны болған жандарға 1 000 000 теңгеден, Же­ңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне 100 000 теңгеден, тыл еңбеккер­ле­рінің басқа санаттарына 30 000 теңгеден көмек берілді. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ба­ғытталған «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылып жатыр. Атап айтсам, 2021 жылы 258 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін пас­порттау және бейімдеу жоспар­ла­нып, 9 айда 233 нысан немесе 90,3% бейімделді. Мүгедектігі бар адамдарды жұ­мысқа орналастыру, психо­логия­лық және құқықтық көмек көрсету мақ­сатында жуырда Атырау қала­сын­да «Отбасын қолдау бөлімшесі» ашылды. Шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялардағы еңбек заңна­ма­сының сақталуы ұдайы назарда. Тек соңғы екі жылда осы санаттағы 45 кәсіпорын тексеріліп, анықталған бұзушылықтарды жою, соның ішінде, қазақстандық және шетелдік қызметкерлердің жалақыларын теңестіру шаралары істелді. «Nur Otan» партиясының «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына сай денсаулық пен білім беру сала­сына айрықша көңіл бөлінді. Биыл медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2141,4 млн теңге бөлініп, 2022 жылы осы мақсатқа 1884,4 млн теңге қа­ражат жоспарланды. 2021–2025 жыл­дары 10 нысанды күрделі жөн­деу­ден өткізу жоспарланып, биыл 2 дәрігерлік амбулаторияда осындай жұмыстар жүргізілді. Жедел жәрдем қызметін сани­тарлық автомобильдермен және реаномобильдермен қамтамасыз ету үшін 60 автокөлік сатып алынды. Қазір облыстың жедел жәрдем қыз­меті санитарлық автомобильдермен және реаномобильдермен толықтай қамтылған. Өңірдің медицина саласын қажетті кадрлармен, соның ішінде ауылдық елді мекендерді жас ма­мандармен қамту үшін облыс әкі­мінің 71 гранты бөлінді. Сайлауалды бағдарламасына сай, апаттық жағдайдағы және үш ауы­сымды мектептер мәселесін ше­шу үшін облыс көлемінде 2025 жыл­ға дейін 48 мектеп салу жоспар­лан­ған. Қазір 15 мектептің құры­лысы жүргізілуде. 2021 жылы 10 мек­тептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 2022 жылы 11 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Облыс мектептеріндегі білім бе­ру сапасын арттыру бойынша тың жобаны қолға алдық. «Атырау обл­ы­сында білім беруді дамытудың «2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» әзірленіп, іске асырылуда. Бұл бағытта «Назарбаев зияткер­лік мектептері» дербес білім беру ұйым­дарымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Айта кетейін, жол кар­тасы тек мектеп шеңберімен шек­телмей, оқушылардың, мұғалім­дердің, ата-аналардың өзара үйл­есімді қарым-қатынасын қамта­масыз етуді көздейді. Ерекше білімді қажет ететін балаларға да айрықша көңіл бөліп келеміз. Атап айтқанда, психоло­гия­лық-педагогикалық түзеу каби­нет­тері, педагогикалық-психология­лық-медициналық консультац­ия­лар, оңалту орталығы, арнайы білім беретін 3 мектеп-интернат жұмыс істейді. 7 инклюзивті қолдау каби­неттері және 52 арнайы педагог шта­ты ашылды. 159 жалпы білім бе­ретін мектепте, яғни, 81% ерекше білімді қажет ететін балаларға жағ­дай жасалған. Болашақта бұл көр­сеткішті 100%-ға жеткізу жоспар­ланып отыр. Мектепке дейінгі білім – тәрбие жұмысын 206 балабақша және 125 шағын орталық іске асырып отыр. Бүгінде 2-6 жастағы балаларды қамту 75,1%, 3-6 жастағы балаларды қамту – 100%.

ІРІ ЖОБАЛАР — ЭКОНОМИКАНЫҢ ТІРЕГІ

Өңірде 2021-2025 жылдар ара­лығында 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарладық. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны - 51 мыңнан асты. Олар 2021 жылдың қаңтар-маусымында 1 412,5 млрд. теңгеге өнім өндірді. 134 мың адам еңбек ететін саланы одан ары да­мыту бағытында ауқымды жұмыстар істелуде. 2021 жылы «Бизнестің жол кар­тасы – 2025» мемлекеттік бағдарла­масы шеңберінде 37,3 млрд теңге несиеге 665 жоба қаржыландырылып, жаңа 1564 жұмыс орнын ашу жос­парлануда. Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңбе­рінде 2021 жылы 378,1 млн теңгеге 35 кәсіпкердің жобасы қаржыл­ан­дырылды. Атырау Ауыл бизнесін дамыту мақса­тында «Бизнес аймақ» өңірлік бағ­дар­ламасы арқылы 12 жоба 81,9 млн теңге қаржылық қолдау алды. 2021 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағ­дарламасы шеңберінде 1,0 млрд тең­ге қаражат бөлінді. Оған 238 биз­нес жобасын қаржыландыру жос­парланып отыр. Биыл жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз бе­рілетін гранттарға бюджеттен 170 млн теңге бөлінді. 2021 жылдың қаңтар-наурызын­да жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 17,9% құрады. 2025 жылға бұл көрсеткішті 25,2%-ға дейін көтеру жоспарланған, оған қол жеткізетінімізге сенімдіміз. «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасына сай, халық үшін оңтайлы өмірлік орта құрып, бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымның маңызы зор. Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының «Индер-Қарабау» аралы­ғында жол құрылысы жалғасуда, бү­гінде 30 шақырым асфальт жабын­дысы төселді. Құрманғазы ауданында облыс­тық маңыздағы «7-разьезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» жолы жөнделіп жатыр. Ганюшкин ауы­лындағы жаяу жүргіншілер көпірінің жұмыстары басталды. Ұзындығы 45 шақырымдық «Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-ші разъезд-Қиғаш» жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Мақат ауданы Ескене елді ме­кеніне дейін кірме жолды қайта жа­ңарту жұмысына республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Ұзындығы 27 шақырым Атырау қа­ла­сының Солтүстік айналма автомо­биль жолының құрылысына, Құл­сары қаласындағы көпір құрылы­сына жобалау-сметалық құжат­та­малары жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Елді мекендерді ауыз сумен қам­ту жұмыстары жалғасуда. 2020 жылы Құрманғазы ауданының Сүйіндік-Асан-Үштаған ауылдарына 102,9 шақырым су құбыры жүргізілді. Исатай ауданы Амангелді ауылын­дағы 18,3 шақырым ауылішілік су құбыры іске қосылды. Биыл Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы кәріздік-тазарту имара­тының құрылысы аяқталады. Құр­манғазы ауданының Алға ауылын­дағы 3 елді мекенге ауылішілік су құ­быры желісі жүргізілуде. Халық үшін ең маңызды тұрғын үй мәсе­ле­сімен қамту жұмыстары алдағы жыл­дары жаңаша қарқынға ие болады. Облыста 2025 жылға дейін 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пай­далануға беру жоспарлануда. 2021 жылдың 9 айына 646,3 мың шаршы метр 4882 пәтерлі тұрғын үй пай­да­лануға берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 41,6%-ға көп. 2021 жылға инженерлік комму­никациялық инфрақұрылым желі­леріне Ұлттық қордан 9,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Жеке тұрғын үй құ­рылысына 251 шақырым инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау, өндірістік аймақ ретінде әйгілі. Десе де, экономиканы әрта­раптандыру, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында ауыл шаруа­шылығын, балық шаруашылығын дамытуға күш салудамыз. Атырау облысы бойынша 2021 жылы егістіктің жалпы көлемі 9 469 гектарды құрап, 2020 жылмен са­лыстырғанда 101,5% болды. Мал басы өсіп, биыл 36,3 мың тонна ет, 55,1 мың тонна сүт, 33,4 млн дана жұмыртқа өндірілді. Биыл ауыл шаруашылығы сала­сында біраз жобалар іске қосылды. Атап айтқанда, Атырау қаласында, Индер ауданында, Махамбет ауда­нында салаға серпін беретін әр түрлі жоба жұмысын бастап, ал Қызылқоға және Махамбет ауданында жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қол­жетімді қылып ұстау үшін тұрақ­тандыру қоры ұдайы толықтырылып отырады. Белгіленген сауда нүкте­ле­рінде 15 түрлі азық-түлік тауарлар­лары нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылып жатыр. Жыл басынан бері облыс орталығында және аудандарда 355 ауыл шаруа­шылығы жәрмеңкелері өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау жөнінде кәсіпкерлер, тауар өндірушілер және ірі сауда орындары арасында 200-ден астам меморандум жасалды. Ежелден балық аулау байырғы кәсіп саналатын өңірімізде — балық шаруашылығы саласын дамытуға да басым көңіл бөліп келеміз. 2022 жы­лы Құрманғазы ауданында заманауи технологиялармен жабдықталған балық цехын салу жоспарлануда. Қа­зіргі кезде «Каспий Балық» өнді­рістік кооперативінің 3 балық өңдеу цехы мен 4 мұздатқышының құры­лысы аяқталды, тағы үш цехтың құ­рылысы басталды. Сапалы және таза балық өнімін алу үшін тұйық­талған тоғанда 3,5-6 тонна тұқы тұ­қымдас балық өсіру жобасы жоспар­ланды. Сондай-ақ 2025 жылға Қи­ғаш өзені саласынан балық шабағын өсіру үшін тоған шаруашылығын іске асыру көзделіп отыр. Атырау Болашақта балық шаруашы­лы­ғын облыс экономикасының бір ті­регіне, үлкен табыс көзіне айнал­дыру ойымызда бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында «Еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуға тиіс. Әсіресе, ауаның тазалығы айрықша маңызды», – деп атап өткен болатын. Атырау өңірінде бұл мәселені тұрғындар да жиі көтереді. Сон­дықтан осы бағытта ауқымды жұ­мыстар атқарылуда. «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының мақсаты да сайлауалды бағдарламаға сай, тұрғындар үшін оңтайлы экологиялық орта қалып­тастыру. 2019 жылы атмосфераға 165,0 мың тонна ластаушы заттар шығарылса, 2020 жылы 150,0 мың тонна шығарылып, көлемі 9% азай­тылды. Ал, 2021 жылдың 6 айында атмосфераға 71,96 мың тонна лас­таушы заттар шығарылды. Ауа сапасын бақылау жасау мақсатында «Теңізшевройл», NCOC компаниялары, Атырау мұнай өңдеу зауыты Атырау қаласында, Қара­батан өндірістік аймағында, Теңіз кенішіндегі санитарлық-қорғау аумағында 31 автоматтандырылған бақылау стансаларын орнатты. Атырау қаласының сол жағалау бөлігіндегі кәріз-тазарту құрылғы­сының құрылысы аяқталды. Биыл Аты­р­ау қаласының оң жағалау бөлі­гінде кәріз-тазарту имаратын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. TAZALYK жобасын іске асыру барысында Атырау мұнай өңдеу зауытының қолданыстағы механи­калық және биологиялық тазарту қондырғыларын жаңғырту, «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру (рекультивация) қолға алын­ды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында бас­талған нысанды 2023 жылы аяқтап, іске қосу көзделіп отыр. Келесі жы­лы «Квадрат» буландыру алаңын тазалау жұмыстарын қолға аламыз. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша үлкен жұмыстар іске асы­рылуда. 2021 жылдың 9 айында бар­лығы 143,7 мың тонна қоқыс жина­лып, оның 25,6 мың тоннасы сұрып­талып, сұрыптау үлесі 17,8 % құра­ды. Жыл аяғына дейін 21%-ға жет­кізу көзделіп отыр. Инвестор тарту арқылы Атырау қаласының оң жағалау бөлігі үшін қатты тұрмыстық қалдықтар поли­гоны салынады. Құрылыс жұмыс­тары осы жылдың желтоқсан айында аяқталмақ. Атырау қаласының сол жағалау бө­лігінде қатты тұрмыстық қалдық­тарды сұрыптау кешені мен полигон құрылысын салуға жер учаскесі бө­лінді. Бұл инвестициялық жобаның жұмыстары келесі жылы басталады. Жылыой ауданында да «Жылыой Тазалық», «Эко Қала XXI» кәсіп­орын­дарының қатты тұрмыстық қал­дықтарды полигондарын сұрып­тау кешендері іске қосылды. Атырау қаласында қабылдау пункттері ашы­лып, жұмыс істеп жатыр. Аудан ор­та­лықтарында да сұрыптау ке­шен­дерін салу жұмыстары қолға алынды. Қаладағы жаңа полигондар құ­рылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін, қолданыстағы ескі полигон қалпына келтіріледі. Облыстың жасыл аймағын ұл­ғайтудың өңірлік жоспары жасақ­талып, елді мекендерде 2025 жылға дейін 540 мың ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Соның ішінде 2021 жыл 48 гектарға 86 мың ағаш егу жоспарланып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдегі негізгі тұщы су көздері Жайық және Қиғаш өзендерінің гидрологиялық режимін жақсарту, сулылығын арттыру, сондай-ақ, балық қорын арттыру мақсатында түп тереңдету және тазалау жұмыс­тары жүргізілуде. Бүгінде аталған өзендердің 152 шақырымы тазар­тыл­ды, жылдың аяғына дейін Қи­ғаштың тағы 17 шақырымы тазарты­лады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жайық өзені бойынша 2022-2024 жылдары 51,5 шақы­рымында, Қиғаш өзені бойынша 2022-2026 жылдары 243,5 шақы­рымында түп тереңдету жұмысын жүргізу көзделіп отыр.

РУХАНИ САЛА БАСТЫ НАЗАРДА

«Nur Otan» партиясы руханият­тың дамуына да айрықша қолдау көрсетіп келеді. Өңірдің тарихын зерттеу мақсатында биыл Мақат ауда­нындағы «Тас кешу» керуен-сарайына, Құрманғазы ауданындағы Құдайберген қорғандарына архео­логиялық ғылыми-зерттеу және қаз­ба жұмыстары жүргізілді. Ауылдың мәдениет саласын да­мыту бағытында 1 мәдениет үйінің құрылысын желтоқсанда аяқтаймыз. Тағы бір мәдениет үйі күрделі жөн­деуден өткізілді. Өңірдің көрнекті тұлғалары дә­ріптеліп, Д.Нұрпейісоваға, Исатай Таймановқа, Халық әртісі Рысбай Ғабдиевке, дәулескер домбырашы Қаршыға Ахмедияровке арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Күні кеше ғана Атырауда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен үш күндік «Ұлық ұлыс — Алтын Ор­да» атты ғылыми-практикалық ха­­лықаралық конференция өтті. Те­рең тарихымызға қатысты талай тың де­ректер айтылып, іс-шараға қа­­ты­су­­шылар көне қала Сарай­шық­қа ба­­­рып, тарихи мәліметтерге қанықты. Латын графикасын қолданысқа енгізу, этносаралық қатынас тілі ре­тінде мемлекеттік тілдің рөлін кү­шейту бағытында жұмыстар істе­лу­де. Өңірдегі діни ахуалды жақсарту мақсатында қажетті теолог-маман­дар тартылып, қазір облыста 27 тео­лог маман істеп жатыр. Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсы­р­масына сай 2021-2025 жылдарға ар­налған Атырау облысының әлеу­меттік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды. Ма­ңызды құжат облысымыздағы жыл­дар бойы келе жатқан проблемаларды шеше отырып, өңірдің жаңа сер­пінмен дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына жол ашады. Жалпы, халық «Nur Otan» пар­тиясы сайлауалды бағдарламасының сапалы орындалуын, нақты жұмыс, көзге көрінер нәтиже күтеді. Жер­гілікті билік органдарының қызметі де осыған бағытталып жатыр.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, «Nur Otan» партиясы  Атырау облысы филиалының төрағасы, Атырау облысының әкімі