Ресей Федерациясы Алтай Республикасының Қосағаш ауданында 1-4 сыныптарға арналған "Әліппе" мен "Қазақ тілі" оқулықтарын басылып шықты. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқан хабарлады.
"Ресей федерациясындағы Алтай Республикасының Қосағаш ауданында тұратын қандастарымыз 1-4-сыныптарға арнап "Қазақ тілінің" оқулық кітаптарын өздері дайындап шығарыпты. Шетте жүрсе де ана тілін қорғап, жас жеткіншектердің қазақ тілінде сөйлеп, үйренуіне атсалысып жатқаны қуантады. Құтты болсын дей келіп, оқулық авторларына шын жүректен ризашылығымызды айтамыз және де мұны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына үлкен тарту деп білеміз!" – деп жазды Ботагөз Уатқан.