Теміртас Жүсіпов сербиялық қарсыласын жеңді

Теміртас Жүсіпов сербиялық қарсыласын жеңді

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі)  Белградта өткен әлем чемпионатының  1/8 финалында  бақ сынады. Жүсіповтың турнирдегі алғашқы қарсыласы сербиялық Омер Аметович болды. Жекпе-жек Жүсіповтың жеңісімен аяқталды – 4:1. Осылайша, Теміртас Жүсіпов ӘЧ-2021 ширек финалына шықты — ол осы кезеңге Қазақстан құрамасынан бірінші болып жетті. Сондай-ақ бүгін турнирде тағы үш қазақстандық боксшы: Нұрқанат Райыс (75 кг.) және Нұрбек Оралбай (80 кг.) күндізгі сессияда, Санатәлі Төлтаев (63,5 кг.) кешкі сессияда өнер көрсетеді.