«Тобыл» араға 11 жыл салып қайта чемпион атанды
«Тобыл» араға 11 жыл салып қайта чемпион атанды
Фото: Яндекс
5,144
оқылды
Қостанайлық «Тобыл» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында «Ақжайықпен» маңызды кездесуде жеңіске жетті. Оралдағы Петр Атоян атындағы стадионда өткен ойында алаң иелерінен 0:2 есебімен басым түскен Александр Москаленко шәкірттері ел чемпионы атанды. Кездесудің 28-минутында «Тобыл» шабуылшысы Игорь Сергеев командасын алға шығарды. Асхат Тағыбергеннің алыстан жасаған соққысын «Ақжайық» қақпашысы қайтарғанымен, кейін серпілген допқа бірінші болып жеткен өзбекстандық шабуылшы теңбіл снарядты қақпада тулатты. Ал 60-минутта Асхат Тағыберген жеңісті голды соғып, ойынның нүктесін қойды. 26 ойында 61 ұпай жинаған «Тобыл» араға 11 жыл салып биылғы маусымның чемпионы болды. Чемпионаттағы күміс жүлдені елордалық «Астана», қола жүлдені алматылық «Қайрат» иеленді.