Әлем чемпионаты: Нұрқанат Райыс жеңіске жетті
Әлем чемпионаты: Нұрқанат Райыс жеңіске жетті
210
оқылды
Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында спортшымыз Нұрқанат Райыс турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан боксшысы 1/16 финалда молдовалық Влад Гавриличпен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бұған дейін жарыстың ширек финалына 48 келідегі Теміртас Жүсіпов өтті.