Әлем чемпионаты: Теміртас Жүсіпов Өзбекстан боксшысымен кездеседі
Әлем чемпионаты: Теміртас Жүсіпов Өзбекстан боксшысымен кездеседі
Фото: qazaqparat.kz
175
оқылды
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы кім екенін білді. 1/4 финалда 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жүсіпов төрешілер шешімімен ирландиялық боксшы Рики Несбитті жеңген өзбек боксшы Нодиржон Мирзахмедовпен кездеседі. Бұл ширек финалдық жекпе-жек 2 қарашада өтеді. Айта кетейік, Мирзахмедов Азияның екі дүркін чемпионы. Ол 2019 және 2021 жылдары "алтын" жеңіп алған.