Нұрбек Оралбай Исаяс Фильоны жеңді
Нұрбек Оралбай Исаяс Фильоны жеңді
Фото: Sports.kz.
136
оқылды
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Белградта өткен әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финал кезеңінде Оралбай бразилиялық Исаяс Фильомен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен оны жеңді. Осылайша, Нұрбек Оралбай 1/8 финалға шықты. Сондай-ақ бүгін қазақстандық Теміртас Жүсіпов (48 кг) және Нұрқанат Райыс (75 кг) сәтті өнер көрсетті. Кешкі сессияда рингке Саматәлі Төлтаев (63,5 кг) шығады.