Семей жатақханасында 14 студент уланып қалды
Семей жатақханасында 14 студент уланып қалды
© azattyq-ruhy.kz
140
оқылды

Жатақханаға баллоннан газ шашқан студент оқудан шығарылады және оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кеше, 29 қазанда, сағат 23:30-да Электротехникалық колледждің ІV курс студенті абайсызда жатақхана бөлмесінде баллондағы бұрыш аэрозолін шашып алған. Нәтижесінде 14 студенттің көздері қызарып, уланған. Колледж әкімшілігі жағдайға дереу шаралар қабылдап, жедел жәрдемді және полицияны шақырған. Студенттер ауруханаға жатқызылды. Медицина қызметкерлерінің айтуларынша, зардап шеккен студенттердің жағдайлары қалыпты, денсаулықтарына қауіп жоқ. Балалардың жартысын ауруханадан шығаруға дайындауда.
Бүгін университет госпиталінің педиатриялық бөлімшесінде белгісіз газбен уланған 14 студент жатыр. Кеше оларға қажеттіліктері бойынша шұғыл көмек көрсетілді. Олардың алтауы кеше шығарылды. Қазір ауруханада жатқан балалардың жағдайлары қалыпты, қанағаттанарлық деп айтуға болады, орташа ауыр дәрежеде. Түнде 8 адам жансақтау бөлімшесінде болды, жағдайларының түзелулеріне байланысты таңертең палатаға шығарылды. Денсаулықтарына қауіп жоқ. Жақында балалар ауруханадан шығады, – деді «СМУ» КАҚ университет госпиталінің кезекші педиатры Балжан Олжаев.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.