Теміртауда жоғалып кеткен 37 жастағы ер адамның денесі табылды

Теміртауда жоғалып кеткен 37 жастағы ер адамның денесі табылды

Жазық даладан жазда жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды. 37 жастағы Теміртау тұрғыны жаздан бері іздестірілген. Алты күн ұлын іздеген зейнеткер полицияға хабар берген.

«10 шілдеде Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне 61 жастағы әйел жүгінді. Ол өтінішінде 4 шілдеде 37 жастағы ұлы үйден шығып кетіп, сол уақыттан бері хабарсыз жүргенін жазды. Оның өтініші тіркеліп, жедел-іздестіру жұмыстары басталды. 21 қазанда Теміртау қаласының маңында далада ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның туыстары оны таныды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сараптама жүргізіліп жатыр.