Еуропадан әкелінген картоптан қауіпті бактерия табылды
Еуропадан әкелінген картоптан қауіпті бактерия табылды
296
оқылды

Картоптың «Зебра Чип» карантиндік объектісінің таралуы егіннің жоғалуына және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті сәуір-мамыр айларында карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру барысында Германиядан, Нидерландыдан және Франциядан 228 тонна тұқымдық картопты, сондай-ақ Франциядан 46,4 килограмм сәбіз тұқымын әкелу кезінде картоптың «Зебра Чип» (Candidatus Liberibacter Solanacearum) карантинді объектісін анықтады, – делінген хабарламада.
Candidatus Liberibacter Solanacearum бактериясының бары ISO 17025 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Алматы аймақтық зертханасының зертханалық сараптамасының қорытындысында расталған. Барлық факті бойынша тиісті карантиндік құжаттар ресімделді. Candidatus Liberibacter Solanacearum карантинді объектісінің анықталуына байланысты материалдар соттың қарауына берілді, олардың нәтижелері бойынша әкімшілік айыппұл салу және залалданған өнімді тәркілеу туралы сот қаулылары шығарылды.