Қонақүйде 860 мыңның сағатын ұрлады
Қонақүйде 860 мыңның сағатын ұрлады
Сурет: bigl.ua

29 қазан күні Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында аудан аумағында орналасқан қонақүйлердің бірінде 860 мың теңге тұратын Continent маркалы алтын сағатын ұрлап кеткенін көрсеткен, – деп хабарлайды Отырар басылымы. 

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тез арада ізін суытпай қала тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қала тұрғындарына қоғамдық орындарда өз мүліктеріне сақ болуын ескертеді.