Коронавирус пен пневмониядан 19 адам көз жұмды
Коронавирус пен пневмониядан 19 адам көз жұмды
Сурет: inform.kz
459
оқылды

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 19 қазақстандық көз жұмды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

2021 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 134 жағдайы тіркелді. Оған қоса 175 адам сауығып шықты. 31 қазандағы мәлімет бойынша, 46 875 адам коронавирус инфекциясынан (41 146 КВИ+ және 5 729 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
  • 8 287 пациент стационарда;
  • 38 588 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  •  599 адамның жағдайы ауыр;
  •  152 науқастың жағдайы өте ауыр;
  •  99 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.