Атырау облысында тасжолда атыс болып, бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
30 қазанда сағат шамамен 19:30-да Атырау-Ақтөбе тасжолының 331-шақырымында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында ауылдастар арасында атыс болып, алты ер адам жарақат алды, оның бесеуіне оқ тиген. Жергілікті басылымның мәліметінше, ауылдың әр бөлігінде тұратын ер адамдар арасында жанжал шыққан."Зардап шеккендер Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 24-99-бабы бойынша соталды тергеу басталды", – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.Сондай-ақ, полицейлер бес адам оқ-дәріден жараланғанын, бір адамның қолы сынғанын хабарлады. 1985 жылғы ер адам Сағыз ауылындағы амбулаториялық ауруханада қайтыс болды.
"Болжам бойынша, оқиға ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушіліктен болған", – деді ведомстводағылар.ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.