Атырау облысындағы атыс: 3 адамның жағдайы ауыр
Атырау облысындағы атыс: 3 адамның жағдайы ауыр
Сурет: rbc.ru

Атырау облысындағы атыста зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәлімет бойынша, қолы жеңіл жараланған бір ер адам үйіне жіберілген. Біреуі Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, оның да қолы зақымдалған. Қазір жағдайы тұрақты, ем алып жатыр. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында.
"Зардап шеккендердің бірінің миы шайқалған. Сол жақ көзі ауыр жараланған. Денесіне көп оқ тиген. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр, нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Тағы біреуінің миы шайқалған. Миына жеңіл дәрежеде зиян келген. Көп оқ тиген. Сол қолтығы кесілген. Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауыр,  нейрохирургия бөлімінде жатыр. Үшінші ер адамның кеуде қуысына бірнеше оқ тиген, оған қоса басы мен бетіне тиген. Сол көзі зақымдалған. Жағдайы орташа ауыр, орташа, шұғыл хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр", – деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері облыстық ауруханаға түскендердің жағдайы туралы.
Еске салайық, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңындағы Атырау-Ақтөбе тасжолында ауылдастар арасында атыс болып, 36 жастағы ер адам қаза тапты. Оқиғадан кейін ауылда күшейтілген режим енгізілді.