54 келіге дейін салмақта Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғап жатқан Махмұд Сабырхан 1/4 финалға шықты.
Махмұд шотландиялық Мэттью Макхэйлмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финал жолдамасы үшін таласта Махмұд Сабырхан бразилиялық Майкл Тринидадпен жұдырықтасады. Кешкі сессияда Саматәлі Төлтаев (60 келі) колумбиялық Дуван Сулета Мореномен, Асланбек Шымбергенов (71 келі) неміс Магомед Шахидовпен, ал Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовпен жұдырықтасады.