Қарағанды облысында жолаушылар автобусы өртке оранды
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы өртке оранды
Фото: ekaraganda.kz
140
оқылды
Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін, 31 қазанда Қарқаралы ауданында вахталық жұмысшылар мінген жолаушылар автобусы өртеніп кеткен.
«31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында «Қарағанды-Егіндібұлақ» тас жолының 30-шы шақырымында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы ауданы 24 шаршы метрді құраған вахта автобусы өртенді. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.