Өзбекстан құрамасының бапкері қазақ-өзбек боксшыларының арасындағы бәсекелестік туралы айтты
Өзбекстан құрамасының бапкері қазақ-өзбек боксшыларының арасындағы бәсекелестік туралы айтты
Фото: Sports.kz.
171
оқылды
Бокстан Өзбекстан құрамасының жаттықтырушысы Рахматжон Рузиахунов Белградта (Сербия) өтіп жатқан 2021 жылғы әлем чемпионатындағы жеребе тастау туралы, сондай-ақ қазақстандық және өзбекстандық боксшылардың текетіресі туралы ой бөлісті, – деп хабарлайды  Sports.kz. – Шынымды айтсам, мұндай турнирлерде тек жеңіс туралы ойлану керек. Дегенмен, мен сізбен келісемін. Әлем чемпионы мен Олимпиада жүлдегері алғашқы жекпе-жекте кездескені дұрыс емес және мағынасы жоқ шығар. Жарыстың басында жекпе-жектер супер деңгейде өтетіні түсінікті, бірақ жартылай финалда және финалда интрига жоғалады. Себебі, бір жағынан мықты, ал екінші жағынан, әлсіз боксшылар шығады. Қазір біздің боксшыларымызға әрбір жекпе-жектен кейін Қазақстаннан келген былғары қолғап шеберлерімен кездесуге тура келеді. Өзбекстан мен Қазақстанның намысын қорғайтын боксшылар әрдайым бәсекеге қабілетті. Сондықтан бұл елдерде осы спорт түрінен чемпиондар пайда болады», – деді жаттықтырушы.