Ертең ауа райы қандай болады?
Ертең ауа райы қандай болады?
Фото: news.myseldon.com
129
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады. 1 қарашада Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсуі мүмкін. Жамбыл облысының таулы аудандарында және облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде және солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с жетеді. Ертең түнде және таңертең Таразда тұман түсуі мүмкін. Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының солтүстік-шығысында жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең күндіз Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтанда ертең түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында ертең күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. Петропавлда ертең жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.