Павлодар облысында отқа оранған үйден зейнеткердің денесі табылды
Павлодар облысында отқа оранған үйден зейнеткердің денесі табылды
Ақсу ауылдық аймағында өрт кезінде зейнеткер көз жұмды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қазанда сағат 17:30-да "101" пультіне Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылында үш қабатты тұрғын үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шақыру орнына Павлодар облысы ТЖД Қалқаман кентінің 13 өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары жіберілді.
Оқиға орнына келгеннен кейін екінші қабаттағы үш бөлмелі пәтердің жалпы ауданы 15 шаршы метр аумағында қонақ бөлмесінде үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау барысында 1949 жылы туған ер адамның тіршілік белгілері жоқ денесін тапты. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 15 адам, оның ішінде 2 бала өздігінен сыртқа шықты, - дейді департаментте.
  Тілсіз жау сағат 18:07-де сөндірілді. Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан екі адам және бір техника, өрт сынақ зертханасы, Ақсу қаласының ТЖ бөлімі жұмыс істеді.