Жапонияда белгісіз біреу пойыз жолаушыларына пышақпен шабуыл жасады
Жапонияда белгісіз біреу пойыз жолаушыларына пышақпен шабуыл жасады
Фото: fishki.net
155
оқылды
Токиода пышақ ұстаған ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасады. Салдарынан адамдар зардап шекті, деп жазады Риа Новости. Фильм кейіпкері сияқты киініп алған ер адам жолаушыларға пышақ сілтеп, тұз қышқылын шашқан. Киодо агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендер саны саны 15-ке жетті. Күдікті қамауға алынды. Жергілікті ақпарат құралдары пойызға мінгендердің көбі Хэллоуин мерекесін тойлау үшін қала орталығына бара жатқанын айтады. Желіде оқиғаның видеосы тарады.