Биыл ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 243 667 теңгеге жетті. Жалақы индексі былтыр – 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% болды.
Ең жоғары жалақы:
– тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары); – қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге жоғары); – кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары); – ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).Ал ең төменгі жалақы:
– сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде – 154,9 мың теңге; – ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында – шамамен 181,1 мың теңге, бұл - ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен.
Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық жалақысы қосымша ақы, үстемеақы, сыйақы, салық, табыс салығы міндетті зейнетақы жарналарын есепке ала отырып есептеледі.